Футбол
Бүгін 10:04

"Қайрат" клубында Сәтбаевтың "Бернлиге" кетуінің мән-жайын айтты

©"Челси" ФК

"Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Дастан Сәтбаевтың "Бёрнлиге" жалға өткеніне қатысты пікір білдірді.

Сатпаев 2026/27 маусымын "Бёрнли" сапында өткізеді. Одан кейін "Челсиге" оралуы тиіс. Лондондық клуб келісімге сатып алу опциясын енгізбеген. Сондықтан 2027 жылдың жазында қазақстандық футболшы қайтадан "Челси" сапына қосылады.

"Оның Англияда қалғаны жақсы болды. Шындыққа қарайық, Қазақстан чемпионатынан бірден АПЛ-ға барып ойнау, жұмсартып айтқанда, қиын. "Челси" шабуыл шебіне көптеген ойыншы алды. Сонымен қатар Хаби Алонсоның клубқа үлкен мақсаттармен келгенін ескеру керек. Ол жастарды дамыту үшін шақырылған жоқ, оның міндеті - қойған мақсаттарды орындау.

Мұндай жағдайда Дастан үшін бұл өте жақсы шешім. Чемпионшип - өте қарқынды чемпионат. Әрине, мұнда АПЛ-дегідей жоғары деңгейлі ойыншылар болмауы мүмкін, бірақ ойынның деңгейі мен қарқыны Дастанға пайдасын тигізеді. Оның үстіне, Дастанның "Бёрнлиде" ойын уақытын алатынына сенімдімін. Біздің басшылық Дастанмен сөйлесті. Оның айтуынша, Англиядан ешқайда кетпеуін дәл Алонсо талап еткен. Алонсо оны жанында ұстап, дамуын бақылағысы келеді. Дастанның өзі де мұндайға көңілі толады деп түсіндім.

"Бёрнлиде" қанша гол соғатыны туралы болжам жасайтын болсам? Егер он гол соқса, өте керемет нәтиже болады", - деді Рафаэль Радикович.

18 жастағы шабуылшының "Бёрнли" сапындағы дебюті 23 тамызда Чемпионшиптің екінші турында "Вест Бромвичке" қарсы матчта өтуі мүмкін.

Англия чемпионатының бірінші турында "Бёрнли" 16 тамызда өз алаңында "Вест Хэммен" 2:2 есебімен тең ойнады. Алайда Сәтбаев бұл кездесуге қатыстырылған жоқ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport