"Қайрат" клуб бюджеті мен футболшыларға байланысты мәлімдеме жасады

30 желтоқсан 2021 22:52
©"Қайрат" ФК

"Қайрат" командасы клубтың бюджеті мен футболшыларға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Бүгінгі таңда бұқаралық құралға клубтың бюджеті мен команданың ойыншыларына байланысты ақпараттар шықты. 

"Қайрат" футбол клубы бюджеттің бұрынғыдай қалатынын ресми мәлімдейді. Қазіргі құрамның барлық футболшылары демалыста. Ал келесі маусымға құрам оқу-жаттығу жиындарынан кейін анықталады", - деп жазды клубтың баспасөз қызметі. 

Еске салайық, "Қайрат" өткен Қазақстан чемпионатында үшінші орын алды. Ал Конференция лигасының топтық кезеңінде соңғы орынға жайғасты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: