"Қайрат" Кейлердің болашағына қатысты нақты шешім шығарды

©"Қайрат" ФК

"Қайрат" футбол командасы қорғаушы Сергей Кейлермен келісімшартты ұзартқанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Футболшы мен клуб арасындағы жаңа келісімшарт 2023 жылғы маусымның соңына дейін жасалды. 

27 жастағы Кейлер "Қайрат" командасының тәлімгері. Қорғаушы алматылық команда сапында 77 кездесу өткізіп, төрт гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. 

Өткен маусымда "Қайраттың" капитаны 23 ойынға қатысып, 2 гол соғып, 2 мәрте әріптестеріне гол соғатын жағдай жасаған. 

Еске салайық, осыған дейін алматылық команда Еркебұлан Сейдахмет және Жоао Пауломен келісімшартты ұзартқан болатын. 

Айта кетейік, 2022 жылғы маусымда "Қайрат" төртінші орынға жайғасып, соңғы тоғыз жылда бірінші рет еурокубокке жолдама ала алмай қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport