Футбол
1 маусым 2020 12:34

"Қайрат" келісімшарты аяқталған футзалдан Қазақстан құрамасының бапкеріне қатысты шешімге келді

Сурет: ҚФФ
43 жастағы бразилиялық маман Пауло Рикардо Фигейра Силва (Кака) алматылық "Қайрат" футзал клубымен келісімшартты ұзартты, - деп хабарлайды KazFootball.kz.


Кака "Қайратты" 2018 жылдың сәуірінен жаттықтырып келеді. Содан бері алматылық команда футзалдан премьер-лига чемпионы атанды. Ақпарат бойынша, бапкер мен клуб арасындағы жаңа келісім үш жылға жасалды. 

"Қайраттан" бөлек Кака футзалдан Қазақстан құрамасын да жаттықтырады.