Футбол
26 қаңтар 2022 19:02
 

"Қайрат" Қазақстан құрамасының шабуылшысын еуропалық клубқа сатпай қойды

  Пікірлер

blog.share

"Қайрат" Қазақстан құрамасының шабуылшысын еуропалық клубқа сатпай қойды ©"Қайрат"ФК

Польша біріншілігінде өнер көрсететін вроцлавалық "Шленск" командасы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначевті сатып алу үшін келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Айдын Қожахмет. 

blog.share

Польша біріншілігінде өнер көрсететін вроцлавалық "Шленск" командасы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначевті сатып алу үшін келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Айдын Қожахмет. 

Инсайдердің ақпараты бойынша, польшалық команда қаңтар айында Шушеначев үшін 150 мың еуро ұсынған. Бірақ бұл ұсынысты "Қайрат" қабыл алмаған. Кейін "Шленск" ұсынысты екі есе арттырғанымен, алматылық клуб келісім бермепті. 

"Қайрат" шабуылшыға тек бір миллион еуролық ұсыныс түскенде ғана келіссөз бастауға дайын екен. 

"Шленск" командасы Шушеначевті өткен жылдан бері бақылауына алған. Ол испаниялық Эрик Эспозитоның орнын басуы керек. Бірақ польшалық командада дәл қазір Артур үшін беретін бір миллион еуро жоқ. 

Айта кетейік, бұл шабуылшыны Transfermarkt порталы сол бір миллион еуроға бағалап отыр. 

Еске салайық, өткен маусымда 23 жастағы шабуылшы Қазақстан біріншілігінде 19 кездесуге қатысып, 12 гол соқты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!