"Қайрат" Қазақстан құрамасының футболшысына ресми ұсыныс жасады

©"Тараз" ФК

"Тараздың" шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана "Қайратқа" ауысуы мүмкін, деп жазады Meta-ratings.kz сайты.

Жамбылдық команданың 29 жастағы көшбасшысы өткен маусымды керемет өткізіп, Қазақстан құрамасына оралды және оған ҚПЛ клубтарынан бірқатар ұсыныстар түсті. Бірақ Байтана Тараздан кеткісі келмейді. Десе де, "Қайратқа" ауысу нұсқасын қарастыруға дайын.

Қазақстан құрамасының қақпашысы "Қайраттан" кетті - дереккөз

Бұл трансферге қаржылық мәселе кедергі болуы мүмкін. Алматылықтар жаңа жылдан бастап жалақының шектік мөлшерін белгіледі, ал Байтананың агенті ұсынысты жақсартуды сұрап отыр. Егер тараптар мәмілеге келсе, жартылай қорғаушы Құрбан Бердыевтің командасына ауысуға дайын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: