Футбол
25 қаңтар 2019 15:48
 
"Қайрат" Қазақстан құрамасының экс-ойыншысын ҚПЛ-дегі өзге командаға бермек

  Пікірлер

blog.share

"Қайрат" Қазақстан құрамасының экс-ойыншысын ҚПЛ-дегі өзге командаға бермек © "Қайрат" ФК

"Қайраттың" оң қапталдағы қорғаушысы Ермек Қуантаев командадан кетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

28 жастағы футболшы Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынына қатысты, алайда, жақында Түркияда басталған ОЖЖ-ға оны бас бапкер Алексией Шпилевский шақырмады. 

Қуантаевтың алматылық клубпен келісімшартының аяқталуына әлі бір жыл бар. Жақын арада ол жаңа команда таңдайды. Осыған байланысты футболшыны "Жетісу" қайтарып алғысы келеді. Талдықорғандықтар үшін қостанай футбол мектебінің түлегі ҚПЛ-дің өткен маусымында 18 матч өткізген. 

Сонымен бірге, Қуантаевқа ҚПЛ-дегі басқа клубтар да қызығып отыр, олардың ішінде премьер-лигаға оралған "Оқжетпес" те бар. 

Қуантаев карьерасын "Тобылда" бастап, 2010 жылы ел чемпионы атанды және ең үздік жас ойыншы ретінде мойындалды. "Қайрат" үшін футболшы 2014 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақытта алматылықтар үшін 71 матчте ойнап, төрт гол салды. Үш рет Қазақстан кубогы мен екі рет Супер кубокты иеленді. 

Қазақстан құрамасы үшін Қуантаев 2015 жылы бір матч өткізген, Исландияға қарсы ойында ол өзге ойыншыны алмастырды. Сонымен қатар, 2016 жылы ол Талғат Байсуфиновтың командасынан шақырту алған еді. 

Жарнама

Живи спортом!