Футбол
27 ақпан 2022 13:58

"Қайрат" Қазақстан құрамасы футболшысын басқа клубқа жалға береді

©ҚФФ

"Қайраттың" жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен карьерасын басқа командада жалғастырады, деп хабарлайды алматылық клубтың баспасөз қызметі. 

2022 маусымды ойыншы "Ақсу" сапында өткізеді. Жалға алу келісімшарты 2022 жылдың соңына дейін жасалған.

Қаңтарда "Қайрат" Айболды дубльге ауыстырғаны хабарланған. Себеп - келісімшартты қайта қарап, еңбекақыны төмендетуге келіспеу болды.

Өткен маусымда Айбол "Қайрат" сапында 40 матч өткізіп, бес гол салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport