"Ақжайық" Қазақстан Кубогінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Алматының "Орталық" стадионында өткен ойында батыс қазақстандықтар турнирдің 1/4 финалы аясында "Қайратпен" кездесті. Тартысты ойын 1:2 есебімен аяқталды. 78-минутта Сергей Кейлер алаң иелерін алға шығарса, 87-минутта қорғаушы Виктор Васин автогол авторы атанды. Ал 90-минутта Оралхан Өміртаев оралдық клубқа жеңіс сыйлады.
Еске салайық, бірінші таймның соңынан бастап Вячеслав Швырев алаңнан қуылғандықтан, "халықтың" командасы бір футболшыға кем ойнады.
Енді жарыстың 1/2 финалының матчы 19 қазан күні өтеді. Ал финал 12 қарашаға жоспарланған.