"Қайрат"- "Қайсар" және ҚПЛ-дің тағы екі ойнына тікелей көрсетілім

Сурет: "Қайрат" ФК

Бүгін, 28 мамырда футболдан Қазақстанның OLIMPBET чемпионаты 14-ші турының бірінші жарыс күні басталады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін "Қызыл-Жар" - "Тараз" (17:00), "Қайрат" - "Қайсар" (19:00) және "Тұран" - "Жетісу" (20:00) ойындары өтеді. 

"Қызыл-Жар" - "Тараз" кездесуін Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Сонымен қоса, барлық ойынды PFLK.TV арнасынан тамашалауға болады.