"Қайрат" - "Каспий", "Қайсар" - "Тобыл" және 17-ші турдың тағы екі ойынына тікелей көрсетілім

Сурет: "Қайрат" ФК

Бүгін, 23-маусымда футболдан Қазақстан чемпионатының 17-ші тур матчтері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін "Жетісу" - "Атырау" (18:00), "Қайрат" - "Каспий" (19:00), "Тараз" - "Тұран" (20:00) және "Қайсар" - "Тобыл" (21:00) кездесулері өтеді.

"Қайрат" - "Каспий" ойынын Qazsport арнасы көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. Сонымен қоса, барлық ойынды PFLK.TV арнасынан тамашалауға боалды.

Еске салайық, 17-ші турдың өткен ойындарында "Астана" 0:2 есебімен "Ордабасынан" ұтылды, "Ақжайық" пен "Шахтер" тең түсті (1:1), сонымен бірге, "Ақтөбе" мен "Қызыл-Жар" да тең тарасты (1:1). 

Жаңалықтар