"Қайрат" қарсыласының миллион еуро тұратын футболшысын қатарына қоспақ

©"Тобыл" ФК

"Қайрат" командасы "Тобылдың" македониялық қорғаушысы Алекса Амановичті қатарына қосып алмақшы. Бұл туралы KazFootball.kz порталы хабарлады. 

Биыл Амановичтің қостанайлық командамен келісімшарты аяқталады. Бірақ бұған дейін "Тобыл" басшылары команданың лидерімен келісімшартты ұзартып, қатарында сақтап қалуға ниетті. 

Дегенмен де 25 жастағы Солтүстік Македония елінің қорғаушысына "Қайраттан" ресми ұсыныс түскен. Футболшы карьерасын қайда жалғастыратыны туралы әлі нақты шешім шығармаған. 

Аманович "Тобыл" сапында өткен жылдан бері ойнап келеді. Ол биылғы маусымда Қазақстан чемпионатында 24 кездесу өткізіп, үш гол соққан. Transfermarkt порталы бұл қорғаушыны біл миллион еуроға бағалап отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: