"Қайрат" каптианы мен ҚПЛ үздік бомбардирінің трансферлік құны көтеріліп кетті

12 қыркүйек 2019 14:21
Бауыржан Исламхан. © "Қайрат" ФК
"Қайрат" капитаны Бауыржан Исламхан және алматылық клуб форварды Адеринсола Эсеоланың трансферлік құндары өскен, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Transfermarkt мәліметінше, 26 жастағы Исламхан 2-ден 2,4 миллион еуроға көтерілген. Қазақстандық жартылай қорғаушының құны қыста 2,3 миллион болған, алайда, маусымда 300 мыңға түскенін айта кетейік.

Оның 28 жастағы әріптесі Эсеоланың құны 2,5-тен 2,7 миллионға көтерілді. Украиналық футболшы 14 голмен ҚПЛ-дегі үздік бомбардир. Ол украиналық "Звездадан" алматылық "Қайрат" сапына өткенде құны 800 мың болған еді.

Еске салайық, "Қайрат" 25 тур қорытындысы бойынша "Тобылдан" екі ұпай кемшілікпен екінші орында келеді.

26-шы тур матчтері 15 қыркүйекте (жексенбіде) өтеді. Бұл күні "Астана" - "Шахтер", "Ақтөбе" - "Атырау", "Ертіс" - "Тараз", "Тобыл" - "Оқжетпес", "Қайрат" - "Жетісу", "Ордабасы" - "Кайсар" ойнайды. 
Жаңалықтар