"Қайрат" капитаны Ұлттық құрама үшін ойындар бойынша ТОП-10 футболшылар қатарына кіре алады

Сурет: ҚФФ
Алматылық "Қайраттың" қорғаушысы әрі капитаны Ғафуржан Сүйімбаев Қазақстан құрамасындағы ойындар бойынша ТОП-10 футболшы қатарына кіруі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазіргі таңда футболшы 33 матчте ойнап, үш гол салды. 

Қазір Сүйімбаев халықаралық карьерасын 2008 жылы аяқтаған шабуылшы Дмитрий Бяковпен 17-18 орынды алмастырып келеді. Егер қорғаушы 2020 жылға жоспарланған сегіз матчтің бәрінде ойнаса, ол Фархадбек Ирисметов, Александр Фамильцев, Қайрат Нұрдәулетов, Александр Кучма және Азат Нұрғалиевтен асып түседі. Бұлардың арасында карьерасын жалғастырып жатқан Нұрғалиев қана.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы үшін өткізген ойындар саны бойынша 11-ші орында Сергей Малый (39 матч), ал ТОП-10 тізімде кейінгі Сергей Остапенко - 42 ойын.

Еске салайық, Михал Билек жаттықтыратын команда 27 наурызда Литвамен, үш күн өте Армения құрамасымен Алматыда ойнау керек болатын. Алайда бұл матчтер коронавирус пандемиясына байланысты өтпеді. Күзде ұлттық құраманы Ұлттар лигасының 2020/21 маусымы аясында Албания, Беларусь және Литвамен ойындар күтіп тұр.