Футбол
29 қыркүйек 13:33

"Қайрат" капитаны "Реалмен" матқа жоспарды айтты

©"Қайрат" ФК

Беларусь құрамасының қорғаушысы және алматылық "Қайрат" командасының капитаны Александр Мартынович Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші туры аясында мадридтік "Реалға" қарсы өтетін матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл - бәріміз күткен үлкен матч. Алаңға шығып, футболдан, бұл ерекше атмосферадан ләззат алғымыз келеді. Атмосфера керемет болатыны сөзсіз. Сол сәттерді сезініп, рахаттанғымыз келеді", – деді Мартынович Qsport арнасына берген сұхбатында.

"Қайрат" пен "Реал" арасындағы ойын 30 қыркүйекте Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді және жергілікті уақыт бойынша 21:45-те басталады. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері үшін бұл турнирдің негізгі кезеңіндегі алғашқы өз алаңындағы кездесу болмақ. Бұған дейін команда Лиссабонда "Спортингке" 1:4 есебімен жол берген еді. Ал Хаби Алонсо баптайтын ойыншылар топтық кезеңді "Марсельге" қарсы 2:1 есебімен жеңіспен бастады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport