"Қайрат" капитаны еуопалық құрамаға шақырту алды
"Қайраттың" жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски Польша құрамасына шақырту алды, деп жазады Польша футбол одағының ресми сайты.
"Қайраттың" жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски Польша құрамасына шақырту алды, деп жазады Польша футбол одағының ресми сайты.
29 жастағы футболшы соңғы мәрте Ұлттық құрамасы сапында 2020 жылдың күзінде ойнады. Содан кейін ол ауыр жарақат алып, бір жылдан аса уақыт емделді. Енді ол құраманың оқу-жаттығу жиындарына қатысады.
Еске салайық, Польша құрамасы әлем чемпионатының тоғыспа кездесуінде Ресей құрамасымен ойнау керек еді. Бірақ ФИФА Ресей құрамасын барлық жарыстардан шеттетті.
Осылайша, Польша құрамасы автоматты түрде тоғыспа ойындардың финалына шықты. Енді олар финалдық ойында Швеция мен Чехия арасындағы кездесудің жеңімпазымен матч өткізеді.
Жарнама