"Қайрат" қақпашысына өзге командада ұсыныс жасады

©"Қайрат" ФК

"Ақтөбе" командасы Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатиловқа келісімшарт ұсынды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады. 

Инсайдердің ақпараты бойынша, "Қайраттың" қақпашысы тек келісімшартқа қол қою керек.  Покатилов 2015-2016 жылғы маусымда "Ақтөбе" командасының намысын қорғаған болатын. Сонымен қатар, ол Қазақстан чемпионатында "Шахтер" мен "Ақжайықтың" намысын қорғаған. Ал 2015 жылдан бері ол Қазақстан құрамасы сапында ойнап келеді. 

Айта кетейік, бұған дейін Покатиловқа ресейлік "Ростов" командасы қызығушылық білдірді деген ақпарат шыққан еді. 

Еске салайық, өткен маусымды "Ақтөбе" алтыншы орында аяқтады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: