"Қайрат" - "Жетісу" және басқалары. Қазастан чемпионатының бүгінгі ойындарына тікелей трансляция

Сурет: "Қайрат" ФК
Бүгін, 1 шілде премьер-лига командалары арасындағы футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін өтетін матчтер: "Қызыл-Жар СК" - "Оқжетпес" (18:00), "Қайрат" - "Жетісу" (18:00), "Тобыл" - "Каспий" (18:00), "Қайсар" - "Тараз" (20:00), "Ордабасы" - "Шахтер" (20:00). Ойындар уақыты Қазақстан астанасының уақытымен көрсетілген. 

Екі матчті Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді - "Қайрат" - "Жетісу" және "Ордабасы" - "Шахтер". Ал "Қайсар" - "Тараз" кездесуінің жазбасы көрсетіледі (22:30). Ойындарды телеарна сайтынан да тамашалауға болды. 

Айта кетейік, пандемияға байланысты үзіліске дейінгі екі тур қорытындысы бойынша турнир кестесінде көшбасшы болған "Астана" бүгін алаңға шықпайды.