"Қайрат - Жастар" командасында ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Vesti.kz. Клуб бас бапкерді ауыстырды.
Өткен аптада "Қайраттан" бас бапкер болған Кирилл Морунов кеткен болатын. Мұндай шешімді алматылық клубтың басшылығы қабылдаған еді.
Маруновтың орнына клуб жүйесіндегі өзге маман - Жора Арутюнян бас бапкер қызметіне тағайындалды.
Бірінші лигадағы 14 турдан кейін "Қайрат - Жастар" 12 ұпаймен 12-орында келеді.