"Қайрат" жанкүйерлері Шпилевскийдің орнынан кетуін талап етуде

Сурет: "Қайрат" ФК

"Қайрат" командасының жанкүйерлері алматылық клубтың бас бапкері Алексей Шпилевскийдің орнынан кетуін талап етті, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Белорусский Футбол" телеграм арнасының мәліметінше, "Қайрат" жанкүерлері "Мен/Біз Шпилевскийге қарсымыз" науқанын бастаған.

"Алматылық клубтың жүздеген жанкүйері аватаркаларын ауыстырып, ВК желісінде беларуссиялық маманның орнынан кетуін талап етуде. Тоғызыншы тур матчінде "Қайрат" қарағандылық "Шахтермен" тең түсті (1:1) және чемпионатта қазір үшінші, "Астанадан" тоғыз ұпай кем жинап отыр", - деп жазады мәлімет көзі. 

Шпилевский алматылық клубта үшінші маусым қызмет етіп келеді. Өткен маусымда "Қайрат" оның жетекшілігімен 16 жылдан кейін алғаш рет қайта чемпион болған.