"Қайрат" жаңа маусымға дайындықты қашан бастайтынын хабарлады

6 желтоқсан 2022 21:29
©"Қайрат" ФК

Алматылық “Қайрат” футбол клубы 10 желтоқсаннан бастап жаңа маусымға дайындыққа кіріседі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Алғашқы оқу-жаттығу жиындары Бесағаштағы (Алматы) базада өтіп, 29 желтоқсанға дейін жалғасады. Оның қорытындысында команда екі жолдастық кездесу өткізеді, бірақ қарсылас әлі анықталмаған.

Келесі маусымға дайындықтың басы болатын оқу-жаттығу жиынына 28 футболшы шақырылды.

Қақпашылар: Данил Устименко, Вадим Ульянов, Темірлан Анарбеков, Ефим Аитов. 

Қорғаушылар: Сергей Кейлер, Сұлтанбек Астанов, Дамир Қасаболат, Лев Кургин, Егор Ткаченко, Александр Широбоков, Әмірәли Оразбек, Александр Мрынский. 

Жартылай қорғаушылар: Әділет Садыбеков, Антон Крачковский, Еркебұлан Сейдахмет, Гүлжігіт Әліқұлов, Андрей Ульшин, Данияр Үсенов, Арсен Буранчиев, Рүстем Эмиров, Ғалымжан Кенжебек, Әлен Айманов, Мирас Көбеев, Әліби Мұхит, Диас Көшкімбаев. 

Шабуылшылар: Артур Шушеначев. Вячеслав Швырёв, Айбар Абдулла. 

Жоао Пауло мен Маки Баньяк маусымға дайындықты жеке бағдарлама бойынша бастаса, Давид Экве жарақатынан толық айыққан соң, команда қатарына қайта қосылады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport