Алматылық “Қайрат” футбол клубы 10 желтоқсаннан бастап жаңа маусымға дайындыққа кіріседі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Алғашқы оқу-жаттығу жиындары Бесағаштағы (Алматы) базада өтіп, 29 желтоқсанға дейін жалғасады. Оның қорытындысында команда екі жолдастық кездесу өткізеді, бірақ қарсылас әлі анықталмаған.
Келесі маусымға дайындықтың басы болатын оқу-жаттығу жиынына 28 футболшы шақырылды.
Қақпашылар: Данил Устименко, Вадим Ульянов, Темірлан Анарбеков, Ефим Аитов.
Қорғаушылар: Сергей Кейлер, Сұлтанбек Астанов, Дамир Қасаболат, Лев Кургин, Егор Ткаченко, Александр Широбоков, Әмірәли Оразбек, Александр Мрынский.
Жартылай қорғаушылар: Әділет Садыбеков, Антон Крачковский, Еркебұлан Сейдахмет, Гүлжігіт Әліқұлов, Андрей Ульшин, Данияр Үсенов, Арсен Буранчиев, Рүстем Эмиров, Ғалымжан Кенжебек, Әлен Айманов, Мирас Көбеев, Әліби Мұхит, Диас Көшкімбаев.
Шабуылшылар: Артур Шушеначев. Вячеслав Швырёв, Айбар Абдулла.
Жоао Пауло мен Маки Баньяк маусымға дайындықты жеке бағдарлама бойынша бастаса, Давид Экве жарақатынан толық айыққан соң, команда қатарына қайта қосылады.