"Қайрат" жаңа қақпашы іздеуге кірісті

©"Қайрат" ФК

"Қайрат" футбол клубы жаңа маусымда қақпашылар қатарын күшейтпек, деп хабарлайды Vesti.kz.

Meta-ratings.kz мәліметінше, алматылықтар Ресейден білікті қақпашы іздеуде, өйткені Курбан Бердыев 2022 жылы тәжірибелі голкипер қажет болады деген ойда. 

Клуб Ресей чемпионатындағы екі қақпашымен келіссөз өткізген екен, алайда, олардың есімдері жария етілмеді.

Алматылықтардың қазіргі таңдағы нөмірі бірінші қақпашысы Стас Покатилов ҚПЛ-2021 маусымында 25 матчке қатысып, 21 доп өткізіп алды. Ал "Қайрат" турнир кесетесінде үшінші болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport