"Қайрат" жаңа екі футболшысын ойынға қосты

Сурет: "Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" жаңа екі ойыншысын - шабуылшы Жоао Пауло мен қорғаушы Ян Вороговскийді 2021 жылғы Қазақстан чемпионатында ойнайтын футболшылар тізіміне қосты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасының ойыншысын сапына қосқаны жайлы "Қайрат" 2 шілдеде ресми хабарлады. Вороговскиймен келісімшарт үш жылға жасалды.

6 шілдеде алматылық клуб Пауломен келісімшарт жасады. Бұл келісім 1,5 жылға есептелген.

Ал Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы командалардың 4-6 шілдедегі трансферлік белсенділігін көрсетті:

"Тобыл"
Тізімге қосты: Душан Йованчич (Сербия, № 29)
Тізімнен шығарылды: Оралхан Өміртаев

"Ордабасы"
Тізімнен шығарылды: Жоао Пауло

"Каспий"
Тізімнен шығарылды: Давид Караев