Алматылық АФК "Қайрат" командасының жаңа бас бапкері тағайындалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл қызметке 45 жастағы бразилиялық маман Даниэл Жуниор келді. Бұған дейін ол өз елінде "Кампу Моурау" клубын жаттықтырған.
Жаңа бапкердің жетістіктері:
Даниэл Жуниордың жаттықтырушылық тәжірибесінде бірнеше маңызды жүлде бар:
– 2022 жылы 20 жасқа дейінгі командалар арасындағы Бразилия кубогі,
– 2022 жылғы Парана штатының Алтын сериясы чемпиондығы,
– 2020 жылы Бразилия кубогының күмісі.
Сондай-ақ халықаралық деңгейде де жетістіктері де бар, ол17 және 18 жасқа дейінгі құрамалармен Оңтүстік Америка чемпионы атағын екі рет жеңіп алған.
"Қайраттағы" бас бапкер ретіндегі алғашқы ресми ойынын Даниэл Жуниор 23 тамыз күні өткізуі мүмкін. Бұл күні алматылық команда Уральскіде ел кубогының иегері - "Семеймен" кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін "Қайрат" клубы бразилиялық жаттықтырушы Алемаомен алдын ала келіссөздер жүргізіп, ол бастапқыда ұсынысты қабылдаған. Алайда кейін оның жұбайы Қазақстанға көшуге қарсы болып, келісім жүзеге аспай қалды.
Жарнама