"Қайрат" жаңа бапкермен бірінші ойынында жеңіске жетті

Сурет: "Қайрат" ФК

Футболдан Қазақстан чемпионатының 15-ші турында "Қайрат" сырт алаңда "Таразды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Таразда өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. 11-ші минутта бірінші голды Вагнер Лав салды, ал 67-ші минутта Артур Шушеначев екінші голды салды.

Айта кетейік, бұл алматылық команданың Алексей Шпилевский кеткеннен кейінгі бірінші матчі, қазір бас бапкер қызметін Кирилл Кекер атқарып жатыр.