"Қайрат" халықаралық турнирде Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазын ұтты

©afckairat

Алматының "Қайрат" футзал клубы Португалияда өтіп жатқан "International Masters Cup" турнирінде Лиссабонның "Спортинг" клубын айқын ұтты. Ойында отандастарымыз 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

"Қайрат" командасы сапында Эдсон дубль жасаса, Кайо Руиз, Дәурен Тұрсағұлов, Денер және Алиссон бір-бір голдан соқты. 

"Спортинг" футзалдан Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы. Еуропадағы топ клубтар қатарындағы ұжым. 

Қазақстандық команда келесі ойынын 24 тамыздан 25 тамызға қараған түні "Бенфикаға" қарсы өткізеді. Ал 26 тамызда "Брага" командасымен ойнайды. 

Айта кетейік, бұған дейін "Қайрат" Испаниядағы Mucho Mas халықаралық турниріне қатысып, үшінші орын алған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: