"Қайрат" германиялық шабуылшымен қоштасты

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" германиялық шабуылшы Штрели Мамбаның клубтан кеткенін хабарлады.

Келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.

Неміс шабуылшысының командадан кеткені туралы ақпаратты "Ордабасымен" болған ойыннан кейін "Қайраттың" бас бапкері Кирилл Кекер де растаған еді.

Еске салайық, Штрели Мамба "Қайратқа" 2021 жылдың қаңтарында ауысты, бірақ 6 айдан кейін алматылық клуб оны германиялық "Ганзаға" бір жылға жалға беру туралы шешім қабылдады.

Мамба алматылық клуб сапында 13 матч өткізіп, 2 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар