"Қайрат" Германия чемпионатындағы футболшыны сатып алмақ

Сурет: Sky Sport

Екінші Бундеслигадағы "Падерборн" сапында ойнайтын германиялық шабуылшы Стрели Мамба алматылық "Қайрат" сапына өтуі мүмкін,- деп хабарлайды Kicker

"Падерборн" ойыншы үшін бір миллион еуро және түрлі бонус алуға үмітті, өйткені футболшының германиялық командамен келісімшарты 2022 жылға дейін жасалған еді. 

Transfermarkt 26 жастағы тегі конголезиялық футболшының трансферін 1,2 миллион еуроға бағалап отыр. 

Отанында Мамба "Штутгарт", "Энерги" және өзге клубтарда ойнаған. 

Жаңалықтар