"Қайрат" футзалдан Қазақстан кубогының жартылай финалына шықты

©"Қайрат" АФК

"Қайрат" футзалдан Қазақстан кубогы топтық кезеңіндегі төртінші тур матчінде ақтөбелік "Рахатты" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Нұр-Сұлтанда өткен кездесу 7:5 есебімен аяқталды. Бұл матч осы кезеңдегі соңғы ойын болды. 

"Қайрат" А тобында бірінші болып, жартылай финалға өтті. 1/2 кезеңге әр топтағы ең мықты екі команда шығады. 

Еске салайық, осыған дейін "Қайрат" 18 рет қатарынан Қазақстан чемпионы болған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: