"Қайрат" футзалдан қатарынан 18 рет ел чемпионы атанды

Сурет: АФК "Кайрат"©

Футзалдан ел чемпионаты финалдық сериясының үшінші ойынында "Қайрат" командасы "Атырауды" жеңіп, чемпион атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.  

Нұр-Сұлтан қаласында өткен матч  8:3 есебімен алматылықтардың пайдасына шешілді. Ойын барысында Диего, Дуглас, Бауыржан Өмірбаев, Эдсон (дубль), Біржан Оразов (дубль) және қақпашы Игита гол авторлары атанды. Ал есе жіберген "Атырау" командасынан Болат Сарбасов, Эвертон мен Эрик Данило қарсылас қақпасына гол соқты.

"Қайрат" финалдық серияның барлық үш ойынын да жеңді. 

Естеріңізге сала кетейік, шешуші серия ойындарының алдында "Атырау" бас жаттықтырушысыз қалған болатын. 

Ал, "Қайрат" 18 рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанып отыр. 

Метки: