Алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі раундындағы матчте чехиялық "Пльзень" командасымен тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Алматылықтар сапында Дуглас Жуниор (16-минут), Альберт Ақбалықов (22) және Алешандре Фаверо (27) гол салды.
4-ші топта өнер көрсететін "Қайрат" келесі ойынды бүгін, 28 қазан "Тюменьге" қарсы өткізеді. Бұл топтағы матчтер италияның Римини қаласында өтіп жатыр.