"Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасы тарихына кірді

©"Қайрат" АФК

Алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасында бірегей жетістікке жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Атап айтқанда, "Қайрат" футзалдан УЕФА турнирлерінің 20 маусымына қатысқан бірінші команда болып отыр. 

Чемпиондар лигасы негізгі раундында "Қайрат" С тобына түсіп, люксембургтік "Дифферданж", венгриялық "Халадаш" және қазіргі чемпион испаниялық "Пальмамен" ойнайды.

Матчтер 26 мен 29 қазан аралығы "Пальманың" алаңында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: