"Қайрат" футзал командасының шабуылшысы клубтан кетуі мүмкін

©"Қайрат" ФК

"Қайрат" футзал командасының ең тәжірибелі ойыншыларының бірі Шыңғыс Есенаманов 2021/22 жылғы маусым аяқталғаннан кейін командадан кетуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

32 жастағы ойыншының алматылық командамен келісімшарты биыл жазда аяқталады. Бірақ сол келісімшарт ары қарай созылмайтын секілді. Қазіргі уақытта Есенамановқа Қазақстан чемпионатында нақты ұсыныс жасаған бірнеше команда бар. 

"Қайрат" сапында Есенаманов 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Негізі ол қарағандылық "Тұлпар" командасының тәлімгері. Биыл Шыңғыс Қазақстан чемпионатында жеті кездесу (алты гол), Чемпиондар лигасында алты ойын (бір гол) өткізді.

Сонымен қатар, ол Қазақстан құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген. Оның еншісінде 25 гол бар. 

Еске салайық, жуырда "Қайрат" қорғаушы Дугласты КПРФ, ал Ранжелді "Динамо-Самара" командасына жалға берді. Ал олардың орнына Карлос Санс (Венесуэла), Шашу (Бразилия) және Андрей Графский (Ресей) келді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар