"Қайрат" футзал командасы 2021/22 жылғы маусым аяқталғаннан кейін екі бразилиялық ойыншымен келісімшартты ұзартпайтын болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Жазда алматылық командадан шабуылшы Витао мен әмбебап ойыншы Савио (Румыния құрамасының ойыншысы) кетеді.
Екі ойыншы да "Қайрат" командасы бапкеріне керек екендерін дәлелдей алмаған. Қазіргі уақытта клуб селекция жасап, жаңа ойыншылар іздестіруде.
Сонымен қатар, "Қайрат" Қазақстан құрамасының ойыншысы Шыңғыс Есенамановтың болашағына байланысты нақты шешім қабылдамады. Оның келісімшарты аяқталған. Ол командада қала ма, жоқ па белгісіз болып тұр.
Еске салайық, "Қайрат" биыл қайтадан ел чемпионы атанды. Бірақ Чемпиондар лигасында элиталық раундтан аса алмады.