"Қайрат" футзал командасы Қазақстан құрамасының ойыншысымен келісімшартты ұзартты

©"Қайрат" ФК

"Қайрат" футзал командасы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дәурен Нұрғожинмен келісімшартты ұзартты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Қайрат" Дәурен Нұрғожинмен келісімшартты ұзартты. Жаңа келісімшарт 2024 жылдың соңына дейін жасалды", - деп жазды клубтың баспасөз қызметі. 

Еске салайық, Нұрғожин "Қайрат" сапында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 

Ол Қазақстан құрамасымен бірге 2021 жылғы Литвадағы әлем біріншілігіне қатысып, төртінші орын алды. Ал 2022 жылғы Еуропа чемпионатына жарақатына байланысты бара алмады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар