"Қайрат" футболшысы "Тобылға" қарсы кездесу алдында пікір білдірді

©"Қайрат" ФК.

Алматылық "Қайраттың" көшбасшы ойыншысы Яцек Гуральски қоманда құрамындағы өзгерістер туралы айтып берді, сондай-ақ, ол Қазақстан Суперкубогі үшін болатын ойын жайлы пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Суперкубок үшін өтетін ойын мен үшін маусымға дайындық аясындағы кезекті матч емес. Мен әрқашан жеңгім келеді! "Тобылмен" өтетін ойын команда үшін өте маңызды, өйткені бұл "Қайрат" пен команда жанкүйерлері үшін кезекті трофейді жеңіп алудың керемет мүмкіндігі.

Біздің клубта үлкен өзгерістер орын алды. "Қайратқа" жас және талантты ойыншылар қосылды. Жаңа маусымда жастарға деген сенім мол", - деді Гуральски ойын алдындағы баспасөз жиынында. 

Еске салайық, "Тобыл" мен "Қайрат" арасындағы ойын бүгін, "Астана Арена" стадионында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport