Футболдан Армения құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда Исландия құрамасымен тең ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі
Кездесудегі есепті Армения құрамасы ашты. 35-минутта "Қайраттың" қорғаушысы Камо Оганесян көзге түскен. Ал алаң қожайындары тек екінші таймда есепті теңестірді. 77-минутта Иска Йоханссон гол соқты.
Бұл ойыннан кейін Армения құрамасы 12 ұпай жинап, J тобында үшінші орында қалды. Екінші орында 12 ұпайы бар Солтүстік Македония ұжымы жайғасқан. 10 ұпай еншілеген Румыния құрамасы төртінші орында.
Топтың көш басында Германия құрамасы тұр. Олардың қоржынында 18 ұпай.