"Қайрат" футболшысы ойын кезінде есінен танып қалды

Видеодан алынған кадр

Бірінші лигадағы "Қайрат-Жастар" мен "Оқжетпес" арасындағы алтыншы тур матчі оқыс оқиғаға байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Матчтің 20-шы минутында Лев Кургин есінен танып қалды. Футболшыға алаңда жедел көмек көрсетілді. Осыдан кейін оны Алматыдағы ауруханалардың біріне алып кетті.

Ал 10 минуттан кейін төрешілер бригадасы ойынды тоқтату туралы шешім қабылдады.