Бірінші лигадағы "Қайрат-Жастар" мен "Оқжетпес" арасындағы алтыншы тур матчі оқыс оқиғаға байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Матчтің 20-шы минутында Лев Кургин есінен танып қалды. Футболшыға алаңда жедел көмек көрсетілді. Осыдан кейін оны Алматыдағы ауруханалардың біріне алып кетті.
Ал 10 минуттан кейін төрешілер бригадасы ойынды тоқтату туралы шешім қабылдады.