"Қайрат" футболшылары мінген ұшақ әуежайда көлікпен соғылды

©"Қайрат" ФК

Алматы әуежайының ұшу-қону жолағында бортында "Қайрат" футболшылары бар ұшақ көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлеуметтік желілерде Алматы халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында болған оқиғаның видеосы жарияланды. Кадрлардан көлік ұшақ қанатының астында қалып қойғаны көрінеді. Sports.ru Қазақстан мәліметінше, ұшаққа соғылған Renault маркалы көлігі. 

"Бұл рейспен команда Бакуден оралған, Конференция лигасындағы "Карабахпен" ойыннан. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп жазады мәлімет көзі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport