"Қайрат" футболшылары чемпиондық атақ үшін қанша сыйақы алатыны айтылды

Сурет: ҚКФЛ

Қазақстан премьер-лигасындағы жеңіс үшін "Қайрат" футболшылары мен бапкерлер штабы бәріне ортақ 500 мың доллар бонус алады,- деп хабарлайды журналист Айдын Қожахмет өзінің телеграм арнасында. 

Алматылық клубта бөлек матчтер үшін дәстүрлі үстемақы жоқ, онда еуропалық бонусты жүйе қолданылады. 

Сонымен қоса, кей футболшыларда статистикалық көрсеткіштер үшін жеке бонустар бар. Мәселен, гол немесе есеп ашылмаған матч үшін. 

Еске салайық, кеше "Қайрат" Алматының Орталық стадионында "Ордабасы" командасын ұтып, мерзімінен бұрын чемпион атанды. Алматылық команда араға 16 жыл салып, қайта чемпион атанды. Ал кейінгі алты жыл қатарынан бұл трофейді "Астана" клубы иеленіп келген еді. 

Жаңалықтар