"Қайрат" футболшылары Бердыевтің қорғаныс стилімен ойнағанды қаламайды

©fckairat

Құрбан Бердыев пен "Қайрат" ойнышылары арасында түсініспеушілік болды. Бұл туралы оқиғаға жақын ақпарат көзі "Чемпионат" сайтына мәлімдеген.

"Бердыевтен көп нәрсе күтті. Ол футболда қорғаныс стилін қолданады. Осыған орай клуб ойыншылары бапкердің тіпті аутсайдер командаларға қарсы қорғаныс стилін пайдаланғаны көңілдерінен шықпайды", - дейді ақпарат көзі "Чемпионат" сайтына берген сұхбатында.

Құрбан Бекиұлы 2001-2013 жылдары "Рубин" командасын жаттықтырып, екі рет Ресей чемпионы атанды. Сонымен қатар, Кубокті бір мәрте және Суперкубокті екі рет жеңген.

Айта кетейік, белгілі маман биылғы жылдың жаз айында "Қайрат" клубын тізгіндеді. Әзірге халықтық команда ішкі чемпионатта 44 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр. "Астана" 53 ұпаймен көш басында тұрса, 52 ұпайы бар "Тобыл" екінші сатыға жайғасқан.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар