Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
"Қайрат" Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықты
Қайрат ФК
Алматының "Қайрат" футбол клубы қарымта ойында да "Широки Бриегтен" басым болып, Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды.
Орталық стадионда өткен ойында қазақстандық клуб Босниядан келген қарсыластарын 2:1 есебімен ұтты. Широки Бриегте өткен бірінші ойында да дәл осындай есеп айырмасымен жеңіске жеткен болатын.
Ойындағы үш гол да соңғы минуттарда соғылды. Ал оған дейінгі уақытта футболшылар өз мүмкіндіктерін пайдалана алған жоқ. Әсіресе, "Қайрат" ойыншыларында ертерек гол соғатын сәттер молынан болды.
90 минутта Украинадан келген бас төреші Шурман "Қайрат" қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік соққыдан Дразен Багарич мүлт кетпеді. Алексей Шпилевский шәкірттері бұл голдан кейін қарымта шабуылды күтті. Команда капитаны Бауыржан Исламхан бастаған соңғы шабуылдар сәтті аяқталды. Қосымша уақытта Рамазан Оразов таразы басын теңестіріп, Исламбек Қуат жеңіс сыйлаған голды соқты.
Алматылық клуб екінші кезеңде "Хапоэль Беэр-Шева" (Израиль) және "Лачи" (Албания) командалары арасындағы ойында жеңіске жеткенімен кездеседі.
Жарнама