"Қайрат" та Еуропа лигасынан ұшып Қазақстан еурокубоксыз қалды

18 қыркүйек 2020 09:51
Сурет: "Маккаби" (Хайфа)©
Еуропа лигасының екінші квалификациялық раундында алматылық "Қайрат" израильдік "Маккабиден" (Хайфа) жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Командалар Хайфада кездесті. Матчтағы есепті алғаш болып алаң иелері ашты. 31-минутта "Маккаби" ойыншысы Юваль Ашкенази айып добынан дөп тиіп, гол соқты.

Бірінші таймның 45-минутында Вангер Лав гол салып, есепті теңестірді. Оған Гафуржан Сүйімбаев пас берді.

"Маккабидің" жеңіс голын 72-минутта Никита Рукавица салды.

79-минутта Вагнер Лав екінші голын соғып еді, бірақ офсайд болды деп оны есепке алмады. Нәтижесінде таблодағы есеп өзгермеді және "Қайрат" турнирден ұшып кетті.



Осылайша, Еуропа лигасына қатысқан қазақстандық үш команда да келесі турға өте алмады. Мұның алдында "Қайсар" пен "Астана" екінші раундта, ал "Ордабасы" бірінші ойында бұл жарыстан шығып қалған.