"Қайрат" Елдос Ахметовті командағы қайтарып алмақшы

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" клубы "Тараздың" қорғаушысы Елдос Ахметовті команда сапына қосуға ниетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

31 жастағы футболшы осыған дейін 2017 және 2019 жылдар аралығында "Қайрат" сапында өнер көрсеткен еді. Бүгінгі таңда "Қайраттың" бапкерлері қорғаушыны командаға қайтарып алуға ниетті. Бірақ "Тараз" командасы Ахметовті тегін жіберуге дайын емес. 

Өткен қыста Ахметов "Астана" командасымен келісімшарт жазған болатын. Алайда кейін "Таразға" қайта оралды. 

Айта кетейік, жалпы өз карьерасында қорғаушы "Ертіс" пен "Қайсар" сапында да ойнаған. Қазақстан құрамасында 16 ойынға қатысқан. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport