"Қайрат" футзалшылары Чемпиондар лигасында кезекті рет жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бұл жолы Кака шәкірттері Испанияның "Пальмасымен" 2:2 есебімен тең түсті.
Матчтың 9-минутында Дуглас Жуниор автогол жасап қойды. Араға 10 минут салып Дәурен Тұсағұлов таразы басын теңестіре алды. Кездесудің 36-минутында Шыңғыс Есенаманов есепті 2:1 дейін жеткізді. Алайда негізгі уақыттың аяқталуына 1 минут қалғанда "Пальма" ойыншысы Элой Рохас есепті теңестіріп кетті. Осының алдында "Қайрат" Бельгияның "Халле-Гооик" командасымен (2:2) тең түскен еді.
Енді "Қайрат" 1 топтағы келесі кездесуін 29 қазанда Францияның "Спортингіне" қарсы өткізеді.