"Қайрат" екі рет есепте алда тұрып жеңісті уыстан шығарды

©fckairat

"Қайрат" УЕФА Конференция Лигасының бесінші турында "Базельден" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Алматының "Орталық" стадионында өткен матч 2:3 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Ойынның 24-минутында Вагнер Лав алаң иелерін алға шығарса, Патрик Рамен шәкірттері үзіліске дейін таразы басын теңестіріп кетті. 45-минутта Артур Кабрал 11 метрлік айып добын мүлтіксіз орындады.

56-минутта "Қайрат" тағы да есепте алға шықты. Алаңға шыға салысымен допқа аяғы тиген Камо Оганесян командасының екінші голын салды. Өкінішке қарай, кездесу соңына дейін швейцариялықтар тағы да екі рет Покатилов қақпасының саңылауын тапты. "Базель" сапында Эдон Жегрова (69) және Пайтим Касами (73) көзге түсті.

Осылайша, Курбан Бердыевтің "Қайраты" топта төртінші рет ұтылып, 1 ұпаймен соңғы орында қалды. "Базель" болса 11 ұпай еншіледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар