"Қайрат" екі футболшымен қош айтысты

3 желтоқсан 2020 14:24
Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

Польшалық жартылай қорғаушысы Конрад Вжесиньский мен қазақстандық қорғаушы Нұрлан Даиров «Қайраттан» кетті,- деп хабарлайды клубтың ресми сайты. Екі ойыншының да келісімшарт мерзімдері аяқталды.

Конрад «Қайратқа» 2019 жылдың қаңтарында қосылды. Жалпы жартылай қорғаушы алматылық клуб сапында 43 кездесу өткізіп, 6 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген.

Даиров - «Қайраттың» тәрбиеленушісі. 2012 жылы қорғаушы клубтың қосалқы құрамында ойнай бастады. Премьер-лигадағы дебютін 2016 жылы «Ордабасыға» қарсы ойында жасады. Ол негізгі командада небәрі алты матч өткізді.

Метки: