Футбол
25 тамыз 10:21
 

"Қайрат" ЧЛ-дегі "Селтикпен" матч алды мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

"Қайрат" ЧЛ-дегі "Селтикпен" матч алды мәлімдеме жасады ©"Қайрат" ФК

"Қайрат" клубы Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі шотландиялық "Селтикке" қарсы өтетін қарымта матч алдында өз жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Қайрат" клубы Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі шотландиялық "Селтикке" қарсы өтетін қарымта матч алдында өз жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шешуші ойын 26 тамыз күні Алматыда өтеді. Алғашқы кездесу Глазгода 0:0 есебімен аяқталған болатын.

"Билет ала алмай қалғандарға қуанышты жаңалық!

25 тамыз күні сағат 13:00-де УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» — «Селтик» матчының қосымша билеттері сатылымға шығады.

УЕФА-ның резервтен қайтарылған билеттердің есебінен клубқа шамамен 1000 орын қайтарылды. Енді оларды сатып алуға болады.

Билетті Qairat SuperApp мобильді қосымшасынан, сондай-ақ «Қайрат» ФК және Ticketon сайттарынан сатып ала аласыз", - делінген клуб

" target="_blank">хабарламасында. 

Сондай-ақ "Қайраттың" баспасөз қызметі жанкүйерлерге билеттерді алыпсатарлардан сатып алмауды ескертті, себебі мұндай билеттердің күші жойылады. Жеке тұлғаны растайтын құжаттар (ЖСН/паспорт деректері) болмаған жағдайда стадионға кіруге рұқсат берілмейді.

Еске салайық, бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтеді, ал ұтылған команда Еуропа лигасында өнерін жалғастырады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!